Бұл туралы Лондондағы Империал колледжі мен Уорик медицина мектебінің қызметкерлері хабарлады.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар калийге бай жемістер мен көкөністерді күнделікті тұтыну қан қысымының көтерілуін болдырмайды және инсульт қаупін 24% төмендетеді деген қорытындыға келді. Сонымен қатар тұзға белгілі бір шектеулер қойған жөн.
Дәрігерлердің айтуынша, калийдің бірқатар пайдасына қарамастан, оны шамадан тыс қолдану бүйрек қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күнделікті тұтыну мөлшері 4 г калийден аспауды ұсынады.