Шавкат Мирзиёев Науаидағы химия өнімдері технопаркын барып көрді

    Президент Шавкат Мирзиёев Кармана ауданында құрылған химия өнімдері технопаркын барып көрді.

    Науаи облысында химия өнеркәсібі жақсы дамыған. Өңірде минералдық ресурстар көп, инфрақұрылым және кадрлар әлеуеті жеткілікті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, болашағы бар кәсіпорындар құру үшін елде қолайлы инвестициялық орта мен кәсіпкерлерге жағдай жасалған.

    Осы негізде қытайлық кәсіпкерлер «Zarafshon industrial technology» атауымен химия технопаркін құруда.

    Аталған кешенге 130 гектар жер берілген. Мұнда жалпы құны 1 миллиард доллардан асатын 18 жоба жүзеге асырылуы жоспарланған.

    Бүгінге дейін екі жоба – 40 мың тонна олеум және 170 мың тонна күкірт қышқылын өндіру іске қосылды.

    Айта кетерлік жайт, күкірт қышқылын өндіру процесінде пайда болатын жылуды тиімді пайдалану мақсатында қуаты 1,4 мегаватт бу-газ қондырғысы салынған. Бұл кәсіпорын өз-өзін толық электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.

    Мемлекет басшысына технопаркте жүзеге асырылатын жаңа жобалар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, құны 150 миллион доллар болатын 1 миллион тонна күкірт қышқылы, 120 миллион долларлық 50 мың тонна каустикалық сода және 135 миллион долларлық 100 мың тонна фталоцианин (мата бояуы) өндіретін зауыттар құрылысы басталған.

    Технопарк басқа салалармен кооперациялық байланыстарды тиімді жолға қояды. Нәтижесінде, құрылыс индустриясында 75 миллион, жеңіл өнеркәсіпте 107 миллион, медицинада 38 миллион долларлық импорттық тауарлардың орнын толтыруға мүмкіндік береді.

    Технопаркте жергілікті шикізатты пайдалану деңгейі қазіргі таңда 31 пайызды құрайды. Жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асқаннан кейін бұл көрсеткіш екі есеге артады.

    Мемлекет басшысы кәсіпорындардағы өндірістік тепе-теңдікті қамтамасыз ету, өнімдерді кепілді сатуды қамтамасыз ету үшін «off take» келісімшарттарын жасау қажеттігін атап өтті.

    Қазіргі уақытта технопаркта 300 адам жұмыс істейді. Барлық жобалар жүзеге асқаннан кейін 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, антрахинон, каустикалық сода, мыс хлориді, диметилсульфат, натрий сульфиді, резорцин сияқты өнімдер өндіріледі. Технопарктің жылдық экспорттық әлеуетін 2026 жылы 30 миллион долларға жеткізу және оны тұрақты түрде арттыру жоспарланған.

    Сонымен қатар қажетті коммуникация желілері де шетелдік инвесторлардың қаржысы есебінен салынып жатыр.

    Осы жерде 2024-2030 жылдар аралығында «Науаиазот» акционерлік қоғамының негізінде жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды.

    Оған сәйкес, 5 миллиард долларлық 22 жоба жүзеге асырылып, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жылына 2 миллиард доллардан астам химия өнімдері өндіріліп, негізгі бөлігі экспортқа бағытталады.

    Президент экология талаптарына ерекше назар аударып, зауыттарды ауаға көміртек оксидін аз шығаратын жабдықтармен жабдықтау бойынша нұсқаулар берді.

    Жобалардың төртеуі келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Мемлекет басшысы олардың инвесторларымен сұхбат құрды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates