–  Зеңдердің 100 мыңнан астам түрі белгілі болған, оның 500-ге жуығы адам мен жануарлар үшін потогенді саналады, яғни ауру туғызады. Зең аурулары науқастан немесе ауру жануардан адамға (негізінен науқаспен тікелей байланыста болғанда немесе оның жұқтырған заттарын пайдалану арқылы) жұғады.

Олар қоршаған ортаның түрлі факторларына төзімді, мәселен, ашық су бассейндері, төсек-орын жабдықтары, киімдер, кілемдер мен шаштарға түскенде, бірнеше жылға дейін ауру тудыратын қабілетін сақтайды.

Зеңнің ашытқы тәрізді түрі қоздырғыш болып табылады. Олар (кандида зеңдері) табиғатта өте жиі кездеседі, жемістер мен көкөністерде, сүт өнімдерінде, сонымен қатар адам, жануарлардың терісінде және шырышты қабаттарында сапрофиттік жағдайда тіршілік етеді және белгілі бір жағдайларда ғана кандидоз деп аталатын ерекше ауруды тудырады.

Асқазан-ішек аурулары, витаминдік тепе-теңдіктің бұзылуы, лейкоз ауруы, антибиотиктермен тәртіпсіз емделу кандидоз зеңінің белсенділігін арттырады және аурудың дамуына әкеледі.

Аурудың клиникалық өтуіне қарап:

- шырышты қабықтардың және терінің кандидозы,

- кандидозбен онихомикоз,

- паронихомикоз,

- созылмалы генерализацияланған балалар кандидозы ерекше бөлінеді.

Мұнда науқастың денесінде тоқ қызыл түсті, анық шекараланған, үстінде  дақтар пайда болады. Саусақтардың арасындағы кандидоз эрозиясы негізінен кондитерлерде, ыдыс жуғыштарда және т.б. кездеседі.

Үдеріс 3 және 4-саусақтардың арасында тоқ қызыл түсте, анық шекараланған және ортасында серозды сұйықтық болған эрозияның болуымен көрінеді.

 Ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы зеңнің сырттан енуіне байланысты дамуы мүмкін.

Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.