Негізінен егде жастағы адамдарда байқалатын бұл ауру ақыл-ой қабілеті мен есте сақтау қабілетінің төмендеуімен көрініс табады.
Бұған ми қан тамырлары атросклерозы, инсульт, қаталанатын мидың жарақаттары, алкоголизм, нашақорлық, тұрақты қан жоғалту сияқты факторлар себеп болуы мүмкін.
Ендеше, бүгінде бұл аурумен қалай тиімді күресуге болады? Оның алдын алу үшін қандай шаралары бар? Бүкіл әлем ғалымдары бұл туралы жылдар бойы ізденуде.
Ирландиялық зерттеушілер жақында маңызды жаңалық жариялады. Оның айтуынша, деменция қаупін әлдеқайда ертерек, яғни аурудың басталуынан 7 жыл бұрын анықтауға болады.
Бұл үшін ғалымдар қанның арнайы биомаркерін анықтады. Белгілі болуынша, деменцияның қауіпті тобына жататын адамдардың қан құрамында P-tau181 ақуыз деңгейінің жоғарылауы көрсетіледі.Зерттеу 7 жыл бұрын басталған. Сол кезде бұл ақуыздың деңгейі 64 жас айналасындағы 54 адамның қанында осы ақуыз деңгейі өлшенген еді.
Тексерулер жеті жылдан кейін қайта қайталанды. Еріктілердің қатысуында бас миы арнайы сканерлеу диагностикасынан өткізілді.
Нәтижелер салыстырылғанда, бұл ретте де қандағы P-tau181 деңгейі асқаны қайталанды. Бұл жағдай мида көп мөлшерде бета-амилоид (Альцгеймер ауруының негізгі факторы) жиналуымен байланысты екені анықталды.
Зерттеушілердің қорытындылауынша, қандағы P-tau181 ақуыздың мөлшерін өлшеу арқылы ерте басқышта-ақ аурудың алдын алуға болады. Нәтижесінде деменцияны емдеуде жоғары тиімділікке қол жеткізіледі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.