KDTECH Group Өзбекстанның автомобиль жөндеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды жүзеге асыруда

    «Узчармсаноат» бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Фарход Нурмухамедов «Kuangda Technology Group» компаниясының вице-президенті Гонг Худонг басшылығындағы делегациямен кездесті.

    Келіссөздердің бірінші раундында компанияның елімізде жүзеге асыруы жоспарланған инвестициялық жоба аясында жасанды былғары өндіретін кәсіпорынды іске қосудың ұйымдастырушылық және іс жүзіндік жақтары талқыланды.

    Анықтама үшін: KDTECH Group Co., Ltd 1993 жылы құрылған. Мұнда негізінен экологиялық синтетикалық былғары, орындық жапқыштары, автокөліктердің ішкі интерьері үшін былғары емес және жасанды былғары, қосалқы бөлшектер шығарады. Автомобильдерге композиттік өңдеу беруме айналысады. Өнеркәсіптік тізбекті интеграциясының артықшылықтарына сүйене отырып, компания тұтынушыларға автомобиль интерьеріне арналған комбинацияларды ұсынады.

    Бір ай бұрын тараптардың кездесуінен кейін ҚХР компаниясы Өзбекстанның былғары өнеркәсібінің өндірістік әлеуетіне, экспорттық базарлары бойынша талдау жүргізді. Жобаны жүзеге асырудың артықшылықтары қарастырылды. Осы талдаулардың негізінде «KDTECH Group» автомобильдердің ішкі интерьері үшін жасанды былғары өндірісінің жобасын жүзеге асыру үшін өз инвестициясын бағыттау бойынша қаулы қабылдады.

    Айта кету керек, Өзбекстанда автомобиль жасау, былғары-аяқ киім өнеркәсібінде жасанды былғарыға сұраныс жылдан жылға артып келеді. Сондықтан «KDTECH Group» мұнда жасанды былғары өндіруге мамандандырылған кәсіпорын құруды мақсат етіп отыр.

    Кездесуде аталмыш жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық жақтары жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates