“Әйелдер мен жастар дәптеріне” тіркелгендер бүгінде жұмыс берушіге айналды

    Бизнес 16 Iyul 2021 1331

    Ферғана облысы, Өзбекстан ауданында жасайтын Иродахон Юнусова екі ай бұрын “Темір дәптерге” енген еді. Бүгінде оның өнімдері облыстың базарларын иелеп, енді Хорезмге де шығарылуда.

    Үш перзенттің анасы Иродахон Юнусова Өзбекстан ауданының “Беруний” махалласында жасайды. “Әйелдер дәптеріне” енгізілген Иродахон тігіншіліктен жақсы хабары бар еді.

    Коммерциялық банктен бөлінген 25 миллион сумдық жеңілдетілген несиеге 5 заманалық тігін машинасын сатып алды. Осылай өз жұмысын жеңілдетіп, бірте-бірте табысты көбейте бастады. Жанына тағыда 5 жұмыссыз ауылдас қызды жұмысқа алып, бүгінде нәрестелерден бастап әйелдер мен ерлер киімін тігуде.

    Қазірде ол арнайы дәптердегі тіркеуден шыққан. Базарда өтімді сапалы киім-кешектерді Әндіжан, Наманган, Хорезмге дейін жеткізіп беруде.

    — Барлығы тиянақты және адал еңбекке байланысты. Шүкір, алған табысымыз жаман емес. Күзде кемзал және куртка тігіуге өтеміз. Ал кейіншелік болса тігін цехын ашу ниетіндеміз, — дейді тігінші.

    Наргизахон Эргашева да махалланың Түркістан көшесінде жасайды. Екі ай бұрын “Жастар дәптеріне” тіркелген Наргизахон бүгін істің көзін білетін басшы. Пішу-тігудің сырларын 12 жыл бұрын алған жас тігінші “Агробанктің” жеңілдетілген несиесі негізінде 7 тігін машинасына ие болды.

    Жанұясының 5 адамын жұмыспен қамтамасыз еткен, махалладағы 9 әйел-қызды өзінің жанына жұмысқа алған. Әйелдер мен жас қыздарға тігіп жатқан киімдеріне тапсырыстар көп.

    — Анамның басшылығында үйде шәкірттеріммен киімдерді даярлаймыз, әкем Қоқан базарында киімді сатуға көмектеседі. Өнімдеріміз еліміздің көптеген облыстарына жетіп барады, бірақ негізгі тапсырысшыларымыз көрші Қырғызстанның Ош және Бішкек қалалары, сондай-ақ Қазақстан мемлекетінен,— дейді шебер тігінші.

    Ёнісі Худоярхон да жұмыс жүргізуде негізгі көмекші, ол да барлық түрдегі матаны жақсы тіге алады.

    Айтуынша, жанұяда бір күнде бір тігінші 20 көйлек тігеді екен. Әйелдер көйлегінің базардағы орташа бағасы 70-80 мың сумды құрайды. Тігуді игерген 6 шәкіртіне 600 мың сумнан жалақы де береді.

    Бүгін өз жұмысын жолға қойып алған Наргизахон арнайы дәптердегі тіркеуден шыққан. Еңбегінің арқасында жанұясы мен махалладағыларға көмегі тигенінен қуанышты, деп хабарлайды Ферғана облысы, Өзбекстан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates