Кешегі жұмыссыз жастар бүгінде өнімдерін жинауда

    Агросектор 21 Iyun 2021 1128

    Ферғана облысының Өзбекстан ауданында көктемде фермерлерден жер алған жастар бүгінде өз өнімдерін жинауда.

    Өзбекстан ауданында ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары, жұмыссыз жастар жұмыспен қамту мақсатында қыс айының соңғы айларында, көктемнің алғашқы күндерінде олардың көбіне жер бөліп берілген еді.

    Аумақтардағы фермер шаруашылықтарынан жерлерінен жер алып, диқаншылық жасаған жастар бүгінде өз өнімдерін жинап алуда.

    Жастарды қолдап-қуаттаған міне, осындай фермер шаруашылықтарының бірі “Озода ая Ражабгарди” шаруашылығында қазіргі күнде жұмыс өте қызу жүргізілуде. Өйткені бұл жерде жастардың кейбіреулері өздері еккендерін жинаса бірі өнімді күтіп, ал біреулері соңғы баптау жұмыстарымен айналысуда.

    Далада жастар еккен маш, ловия, картоп, сәбіз, қант қызылшасы, қызанақ, қалампыр, болгар қалампыры мол өнім бермек. Кейбір жастар жақсы табыс алу үшін хризантема гүлдерін еккен.

    — Февральдың орталарында айналадағы ауылдарда 23 жұмыссыз жастың әрбіріне 20-25 сөтіктен жер бөліп берген едік. Еңбектерінің нәтижесін көріп, біз де қуанудамыз. Қалайтындарға бірінші өнімді жинап алған соң екінші егінді егуіне де мүмкіндік бергенбіз, — дейді фермер шаруашылық басшысы Ихтияржон Мелиев.

    Фермерлердің айтуынша, мемлекетіміз басшысының бастамасымен, жаңа тәртіп негізінде осы күндері 40-тан астам азаматқа 15 гектар жер екіжақты келісімшарт негізінде бөліп берілген.

    — Берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, фермерлердің 20 сөтік жерге картоп еккен едім. Жақсы өнім алдым. Картошканы жинап алып, екіншісіне маш егемін, — дейді “Жастар дәптеріндегі” қайқуободтық Шахсанамхон Инамова.

    Өзбекстан ауданындағы көптеген фермер шаруашылықтары егістік жерлерінен жұмысты болған жастар бүгін өздерінің адал еңбектерінің жемісін көруде, деп хабарлады, Ферғана облыстық әкімшілігі баспасөз қызметі Өзбекстан ауданы әкімшілігінің мәліметі негізінде.