Бұрын бұл ауданда өнеркәсіп мүлдем болмаған. Экономиканы құрылымдық қайта құру жұмыстары, өңіраралық кооперацияның нәтижелері де сезілуде. Атап айтқанда, әндіжандық кәсіпкерлермен бірлесіп үш жоба іске қосылды.
Солардың бірі – «Aqtuba textile» жылына 3 миллионнан астам тоқыма бұйымдарын шығаруға қауқарлы. Ол үшін Германия, Жапония, Түркия елдерінен заманауи қондырғылар орнатылды. 500 жұмыс орны ашылып, жылына 6 миллион доллардың өнімін экспорттау жоспарланған.
Мемлекет басшысы кәсіпорындағы жұмыс барысымен танысып, осындағы жұмыс істейтін қыз-келіншектермен әңгімелесті. Шалғай елді мекендерде осындай жаңа кәсіпорындар ашып, қыз- келіншектерді жұмыспен қамтудың маңыздылығына тоқталды және жауапты тұлғаларға бұл жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Кәсіпорынның өзінде өнер- кәсіпке қайта даярлау бойынша оқу орталығы ашылған. Онда жақын маңдағы жұмыссыз азаматтар кәсіп үйреніп, өз жолын табады.