Президент төрағалығында келер жылы атқарылар жұмыстар жөнінде жиын өтті

    Билік 30 Dekabr 2021 11816

    Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 30 желтоқсанда келер жылы экономика мен коммуналдық шаруашылықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

    Биылғы жылдың қиын болғандығына қарамастан экономика оң нәтижелерге қол жеткізгені айтылды. Атап айтқанда, 2021 жылы жалпы ішкі өнім 7 пайызға, өнеркәсіп 9,5 пайызға, қызмет көрсету 20 пайызға, құрылыс 6 пайызға, ауыл шаруашылығы 4 пайызға өсті. Инфляция деңгейі 10 пайыздан төмен болды.

    Экспорт көлемі 16,5 миллиард долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 миллиард долларға көп. 12,4 млрд долларды құрайтын 318 ірі және 14 мың аймақтық жоба іске қосылды. Әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықтың тұрмыс жағдайы жақсарды.

    Жиында алдағы жылы экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер қойылып, ол жалпы ішкі өнім мен өнеркәсіпті 7%-дан астамға және қызмет көрсетуді 30%-ға жуық арттыруды көздейді.

    Мемлекет басшысы жаңа жылдың басынан бастап барлық салалар мен аймақтарды жүйелі түрде жұмыс істеп, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз құру қажеттігін айтты.

    Халықтың дастарханы берекелі болуы үшін қыс айларында негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерімен базарларды тұрақты қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.

    Электр энергиясы, табиғи газ, жылумен жабдықтау, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және өрт қауіпсіздігі жүйелерінің тұрақты жұмысының маңыздылығы сөз болды.

    Сондай-ақ білікті медициналық қызметтерді, қоғамдық, өрт және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын үйлестіру бойынша тапсырмалар берілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates