KIA Жызақ автокөлік шығару жобасының екінші кезеңін бастағалы отыр

    Өнеркәсіп 6 Iyul 2022 2791

    Ағымдағы жылдың 5 июлінде Премьер-министрдің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С. Умурзақов «KIA Russia&CIS» («KIA Ресей мен ТМД») Президенті Санг Гвон Джонгты қабылдады.

    Анықтама үшін: «KIA Motors» - штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан ірі кореялық автокөлік өндірушілердің бірі. Компания 1944 жылы декабрьде құрылған. Ол «Hyundai Motor Group» компаниялар тобына жатады.

    Кездесу барысында Өзбекстан үшін автомобильжасау өнеркәсібінің қарқынды және тұрақты дамуы ел экономикасын дамытудың үстем бағыттарының бірі екені атап өтілді. Осы орайда, Өзбекстан базарында өнімдері үлкен қызығушылықпен күтіп алынған «KIA Motors» компаниясымен нәтижелі ынтымақтастықтың ерекше орны бар. Осыған орай компания басшылығы жаңа жобаларды жүзеге асыру, өндіріс желісін кеңейту арқылы Өзбекстан базарындағы беделін одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

    Жызақ зауытында үлкен түйінді әдісте автокөліктерді құрастыру бойынша KIA-мен біріккен жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталды. Бірінші кезеңнің құны 12,6 миллион долларды құрады. Кәсіпорында 250 маман жұмыс істейді және «KIA», «Renault», «Lada» автокөліктері құрастырылуда. Өндірістік қуаттылығы жылына 25 мың автокөлікті құрайды. Зауыт іске қосылғаннан бері 6 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Ал "KIA"-ға келсек, осы брендтің 8 моделі Өзбекстан базарына ұсынылған. Дегенмен, кездесуде атап өтілгендей, үлгілердің қатарын кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыруға зор мүмкіндіктер бар.

    Келіссөздер барысында жобаның екінші кезеңін іске қосу жылдық өндіріс қуатын 100 мың автокөлікке дейін арттырып, 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретіні айтылды. Өндірушінің жоспары бойынша жергіліктендіру деңгейі 30 пайызға дейін көтеріледі, бұл автокөліктердің бағасына оң әсер етеді. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпорындармен бірлесе отырып, құрамдас бөлшектер шығару игерілетін болады.

    Жобаның барлық сипаттарын талқылағаннан кейін тараптар оны жүзеге асырудың келесі қадамдары туралы келісіп, туындаған мәселелерді талқылау мен шешу үшін тұрақты да сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates