Шавкат Мирзияев химия өнеркәсібіндегі жобалардың таныстырылымына қатысты

    Билік 7 Iyul 2022 6467

    7 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев химия өнеркәсібінде қол жеткізілген негізгі көрсеткіштер мен жоспарланған жобалардың таныстырылымына қатысты.

    «Узкимёсаноат» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ж.Мирзамахмудов Өзбекстан Президентінің 2018 жылғы 25 қазандағы шешімі негізінде саланы әртараптандыру және жаңа өнімдерді енгізілгені туралы ақпарат берді. Нәтижеде соңғы 3 жылда өндіріс 1,5 есеге, экспорт 2 есеге артты.

    Ең бастысы, бұрын созылмалы шығынмен жұмыс істеген бұл сала 2021 жылды 1,6 триллион сум таза пайдамен аяқтады.

    Биылғы жылдың алты айында серіктестік кәсіпорындары 7 триллион сумға жуық өнім өндіріп, өндіріс көлемі 11 пайызға артты. 218 миллион доллардың тауары экспортталды.

    Жыл соңына дейін өндіріс көлемін 14 триллион сумға, экспортты 425 миллион долларға жеткізу жоспарланған. Осы мақсатқа екінші жартыжылдықта 650 мың тонна азот, 70 мың тонна фосфор және 120 мың тонна калий тыңайтқышы, 80 мың тонна поливинилхлорид өндіру көзделген.

    Мемлекет басшысы желілік кәсіпорындардың тиімділігін арттыру және оларды трансформациялау бойынша жүйелі жұмыс қажеттігін атап өтті. Энергияны үнемдеу және оқшаулау арқылы шығындарды 6 пайызға дейін төмендетуге болатыны көрсетілді.

    Презентацияда алдағы перспективалық жобалар туралы да ақпарат берілді. Жыл соңына дейін 400 миллион доллар инвестиция игеріліп, 9 жоба іске қосылады. Атап айтқа

    нда, «Науаиазотта» метилцеллюлоза, техникалық газ, сұйық минералды тыңайтқыштар, «Шыршық» химия технопаркінде көбікті полипролипен, органикалық тыңайтқыштар және полимер бұйымдары өндірісі жолға қойылмақ.

    Мемлекет басшысы жаңа жобаларды тек жеке инвестициялардың қатысуымен жүзеге асыру қажеттігін айтты. 5 химиялық кластер бойынша кемінде 1 миллиард долларды құрайтын жобалар портфелін қалыптастыру міндеті қойылды.

    Сондай-ақ, акционерлік қоғамға кіретін кәсіпорындарды жекешелендіруді жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates