Мемлекет басшысы химия өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды талқылауға арналған жиын өткізді

    Билік 17 Noyabr 2021 5227

    Президент Шавкат Мирзияев 17 қарашада химия өнеркәсібінде атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, жаңа жобаларды талқылауға арналған жиын өткізді.

    Өзбекстанда соңғы бес жылда химия өнеркәсібінде 2,1 миллиард долларлық 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 3 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Осы салаға жеке сектордың енуі арқасында 45 миллион долларды құрайтын 8 жобаны іске қосылды.

    Осы бес жыл көлемінде химия өнеркәсібіндегі өндіріс 1,5 есеге, ал экспорт 190 миллион доллардан 310 миллион долларға дейін өсті. Кәсіпорындардың жалпы таза пайдасы биылғы жылдың соңына дейін 8 еседен астам өсіп, 1 триллион сумнан асады деп күтілуде.

    ӨР Президентінің 2021-жыл 13 ақпандағы Жарлығына сәйкес Қарақалпақстан Республикасы, Ташкент, Науаи және Ферғана облыстарында құны жоғары тауарлар шығаруға бағытталған тағы 4 технологиялық химиялық кластер құру жоспарлануда. Олар көміртегі, полиэфир, ацетатты талшық, поливинилацетат, калий нитраты сияқты 20-дан астам өнім шығарады.

    Бүгінгі кездесуде аталған кластерлер мен келешегі зор жобалар туралы Мемлекет басшысы ақпарат белілді.

    Президент бұл жобалар саланың орасан зор әлеуеті үшін жеткіліксіз екенін айтып, инвестиция тарта отырып өндірісті арттыруға болатын жеткізді.

    Келер жылы өндірісті 12 триллионға, ал экспортты 380 миллион долларға жеткізу мүмкіндігі қарастырылды. Саланы цифрландыру, кәсіпорындарда операциялық шығындар мен энергия тұтынуды азайту арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету міндеті жүктелді.

    Сонымен қатар, құны 740 миллион доллар болатын төрт ірі жобада құрылыс жұмыстары басталатыны айтылды.

    Кәсіпорындарды трансформациялау, оларға заманауи технологиялар мен басқару жүйелерін енгізуді жалғастыру керектігі сөз болып, жаңадан ашылатын кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету де маңызды мәселе. Осы мақсатта келесі жылы 6 мың жоғары және орта буын мамандарын даярлау жоспарлануда. Желідегі 6 кәсіпорын және Шыршық қаласындағы оқу кешені негізінде оқу орталықтарын іске қосу көзделген.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates