Бұл туралы жергілікті әкімшіліктің ақпараттарына сүйеніп Al Arabia хабарлады.

"Өлімнің 14-і Кордова мен Сукре департаменттерінде тіркелді, кем дегенде 9 мың үй зардап шеккен. 7 адам Нариноның оңтүстік-батыс департаментінде көшкіннің салдарынан қаза тапты", - делінген хабарда.

Жылдың осы уақытында қатты жауын-шашын Колиумбия үшін кем кездесетін жағдай екені айтылуда. Мамандардың айтуынша, климаттың өзгеруі тропикалық Колумбияда ауа-райының тепе-теңдігін бұзады деп отыр, мұнда маусымдық цикл анық емес, деп хабарлайды report.az.