Көппәтерлі тұрғын үйлерде жасайтын әлеуметтік қорғауға мұқтаж жанұяларға субсидия бөлінеді

    Өзбекстан Республикасы Президентінің “ Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы” қаулысына орай, 2021 жылы 1 октябрінен құрылысы біткен және пайдалануға қабылданған көппәтерлі тұрғын үйді басқару бірінші екінші жылда құрушы тарапынан жүзеге асырлады, сондай-ақ аталмыш мерзімге көп пәтерлі тұрғын үй эксплуатациясының кепілдік мерзімі енгізіледі.

    Әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің кадастр паспортында көппәтерлі тұрғын үйге тұтас жер учаскесі туралы мәліметтері міндетті тәртіпте болуы шарт.

    2022 жылы 1 январьдан меншік иелерінің басқарушы алдында қарыздарлығы бар болған кезде, оның мөлшері тұрғын үйлерге болған мүлік құқығын ресмилендіруде нотариалдық мекемелер тарапынан тиісті келісімшартта көрсетіледі және жаңа мүлік иесіне осы қарыздарлық туралы ескертіледі.

    Көппәтерлі тұрғын үйлерде жасайтын, “Әлеуметтік қорғауға мұқтаж бірыңғай реестр” ақпарат жүйесінде тіркеуге алынған әлеуметтік қорғауға мұқтаж жанұяларға міндетті төлемді төлеуі үшін субсидия бөлінеді.

    Қаулыға орай, төмендегі мәселелер бойынша жалпы жиналыстың қаулысы, егер оны қолдап тұрғын үй меншік иелері немесе олардың өкілдерінің 80 пайызынан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады:

    - Көппәтерлі тұрғын үйге тұтас аумақтарда жаңа нысандарды құру;

    - Меншік иелері бағынуға міндетті болған көппәтерлі тұрғын үйлерде жалпы мал-мүлікті басқарушының талабы мен ережелерін бекіту;

    - Көппәтерлі тұрғын үй үшін қарыз және несиелерді тарту.

    2021 жылы 1 августқа дейін жоба шеңберінде біріктірілген аумақтар, 2022 жылы 1 январьға дейін барлық еліміз аумақтарында көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету үдерісіне үй-жай мүлік иелерінің жеке тұлғаның жеке идентификация нөмері мен олардың тиісті мал-мүлкі кадастрлық нөмерін қолдана отырып, биллинг жүйесі енгізіледі.

    2021 жылы 1 октябрьге дейін көп әтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың электронды реестрі іске қосылады.

    2021 жылы 1 июльден көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару әдісі шіркеттерден басқарушы ұйымдарға өткен тұрғын үйлер үшін берілген несиелердің мерзімін, жергілікті әкімшіліктердің кепілдігі негізінде, үш жылға дейін өзгерту шаралары қаралады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates