Корея Республикасының Елшісімен кездесу өтті

    Бүгін Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрлігінде Корея Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ким Хи- Санг мырзамен және Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрі Агриппина Шинмен кездесу өтті.

    Кездесу барысында тараптар мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру саласындағы Өзбекстан-Корея қарым-қатынастарының бүгіні мен ертеңін одан әрі нығайту болашағын талқылады.

    Корея делегациясының басшысы өз сөзінде мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беруді дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.

    Қонақтың айтуынша, мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру саласындағы ынтымақтастық жобаларын тиімді жүзеге асыруға, Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді.

    Өзбекстан Республикасы басшылығының мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру жүйесіне көңіл бөліп отырған бір кезде Корей тарапы KOIKA жобасы аясындаТашкент қаласындағы мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелерінің кадрларын даярлау, білімін жетілдіру үшін кешенді орталық құру бойынша Өзбекстан Республикасына жан-жақты көмек көрсететіні тіліге тиек етілді.

    Өз кезегінде Ким Хи-Санг мырза Кореяның балаларды тәрбиелеуге арналған EBS телеарнасы мен Өзбекстанның “Ақлвой” телеарнасы арасындағы байланысты нығайтуға Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрлігіне көмектесуге дайын екенін білдірді.

    Атап айтқанда, Ким Хи Санг мырза Өзбекстан Республикасында тұратын барлық балалардың түрлі танымдық анимациялық фильмдерді көру мүмкіндігіне ие болуы үшін телеарналар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды қамтамасыз етуге уәде берді.

    Келіссөздер нәтижесінде тараптар Өзбекстан Республикасындағы білім беру үдерісін дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates