Кореяның Эксимбанкі Өзбекстанмен ынтымақтастықты кеңейтеді

    Қаржы 11 Noyabr 2022 1049

    Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде бейнеконференция режімінде Корея Эксимбанкінің өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру үдерісін талқылауға арналған келіссөздер жүргізілді.

    Атап айтқанда, «Toshkent Pharma Park» инновациялық ғылыми-өндірістік фармацевтикалық кластерінің ғылыми-зерттеу және білім компоненттерін жарату», «Ұлттық онкологиялық орталықтарын құру» және «Үлкен жастағыларға арналған көпсалалы медициналық клиника» жобаларының жүзеге асыру барысы қаралды.

    Экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту болашақтары туралы пікір алмасылды. Эскимбанк өкілдері Өзбекстан тарапы дайындаған 2023-2025 жылдарға арналған жаңа болашағы бар бастамалардың тізімін қарап шығып, жобаларды таңдау және бірлесіп жүзеге асыру тәртіп-қағдаттарын жеңілдетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

    Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша ай сайынғы келіссөздер жүргізу және өзара қарым-қатынастың барлық талқыланған бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates