Оған Красноярск өлкесінде көп жылдар бойы жасайтын өзбек диаспорасының өкілдері, өнер қайраткерлері, белсенді отандастар, Өзбекстан азаматтары мен студент жастарымыз қатысты.

Шарада Өзбекстан мәдениетін бейнелейтін ұлттық музыкалық аспаптар, музыка мен би, ұлттық киімдер, бейнелеу өнері туындыларының көрмесі ұйымдастырылып, өзбек күйлері мен әндерінен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сонымен қатар, белсенді жерлестеріміз бен студент жастардың қатысуымен дөңгелек үстел сұхбаты өтіп, онда Өзбекстанда халқымыздың игілігі жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар, еліміздің конституциясына  ұсынылып отырған өзгерістер мен қосымшалардың мән-мазмұны мен ерекшелігі туралы айтылды, деп хабарлайды «Дунё» АА.