Оған Красноярск өлкесінде ұзақ жылдар бойы тұрып жатқан отандастар, өнер қайраткерлері, студенттер, жергілікті әкімдік және Красноярск өзбектерінің аумақтық ұлттық-мәдени өкілдері, сондай-ақ өңірде уақытша еңбек етіп жүрген қандастарымыз қатысты.
Айта кетейік, «Қауын сейілі» фестивалі красноярлықтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Фестивальге келгендерге қауын-қарбыз және өзбектің ұлттық тағамдары таратылды.
Шараның мәдени бөлімінде «Нихол» сыйлығының иегері Иззатбек Халиқов, «Файзи наво» тобы мен Томск қаласындағы «Ярада» би ансамблінің орындауындағы күйлер мен ән-билер баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Фестиваль шеңберінде өзбек ұлттық күрес бойынша жарыс та өткізілді, деп хабарлайды “Дуне” АА.