Кәсіпкерлер 8 түрлі есеп беруден құтылды

    Бизнес 12 Yanvar 2024 231

    2024 жылғы 9 январында Өзбекстан Республикасы Президентінің “Кәсіпкерлік субъектілері тарапынан мемлекеттік органдарға есеп беру мен статистикалық мәліметтерді ұсыну үдерістерін одан әрі жеңілдету іс-шаралары туралы” ПҚ-8-санды қаулысы қабылданды.

    Қаулыға орай, 2024 жылдан бастап кәсіпкерлерден талап етілетін, өзара бірін-бірі қайталайтын және мемлекеттік органдардың басқа органдардан алынатын 8 түрі есеп беру мен статистикалық мәліметтер жойылады.

    Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ұсынылатын есеп беру мен статистикалық мәліметтердің бірыңғай тізімі бекітілді.

    Қаулыға сәйкес, есеп беру тек ақпараттық жүйелер арқылы беріледі.

    2026 жылдың 1 январына дейін есеп беруді қалыптастыру мен мемлекеттік органдарға ұсынуды көздейтін бірыңғай есеп беру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    Есеп беруді тапсыру төмендегі тәртіпте жүзеге асырылады:

    - 2026 жылы 1 январынан барлық кәсіпкерлер үшін – ерікті түрде;

    - 2027 жылы 1 январынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – міндетті;

    - 2028 жылдың 1 январынан барлық кәсіпкерлер үшін міндетті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates