Қарақалпақстан Республикасы Махалла және жанұяны қолдап-қуаттау министрінің бірінші орынбасары М.Ахмедова, белсенді әйелдер, кәсіпкерлердің қатысуымен болған шара қызықты өтті.
Әйел-қыздар арасында рухани-ағарту істерін жүргізу, түрлі идеялар әсеріне түскен және адасқан әйелдер, сонымен бірге ұрыс-жанжалды жанұялармен жеке тәртіпте жұмыс жүргізу мақсатында белсенді 50 әйелден құралған насихат тобының мүшелерімен сұхбат ұйымдастырылды. Сонымен қатар өнерсүйер қарақалпақ қыздарының орындауындағы халық әні қатысушыларға үлкен әсер етті. Әсіресе, “Қыздар сейілі” әнін жиналғандар да қосылып шырқады.
Насихат тобының қызметі бағаланып, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі төрағасының қоғамдық ұйымдары мен діни ұйымдарымен байланыстар бойынша орынбасары Э.Дурдиевтың мақтау қағазымен “Қарақалпақстан” атты кітап сыйға берілді.
Шара аясында кәсіпкер әйелдердің өз қолдарымен жасаған түрлі киімдер көрмесі ұйымдастырылды.