Мұнда 3700-ден астам тұрғын өмір сұреді. «Жасыл кеңістік» бағдарламасы аясында махалла абаттандырылып, жол жиектері мен бос жерлерге көшеттер отырғызылған.
Махалла егін және мал шаруашылығына маманданған. 668 үй қожалығының барлығында жер телімдері бар. Сондай-ақ тұрғындарға егін шаруашылығымен айналысу үшін 126 гектар жер бөлінген.
Өзбекстан Республикасы Президентінің биылғы жыл 5 наурыздағы шешімі негізінде үй және шаруа қожалықтарында жаңа резервтерді пайдаланып, нарықта өтімді өнім өсіру шаралары жүргізілуде.
Мемлекет басшысына осы бағыттағы жұмыстармен танысты.
Атап айтқанда, махаллада жеміс-жидек өсіру бойынша оқу алаңы құрылған. Мұнда қара бүлдірген, таңқурай, голубика көшеттері өсіріліп, шаруашылықтарда егіледі. Жеміс бере бастағаннан кейін оны экспорттаушылар сатып алады.
Мемлекет басшысы диқандарға осы жемістерді сапалы өсіру ғылымын үйретудің маңыздылығына тоқталды. Бұл жобаны кеңейту және халықтың сатып алу қабілетін арттыру мақсатында үй қожалық иелері мен банктер арасында ынтымақтастықты тиімді жолға қою мәселелері бойынша пікір алмасылды.