Әңгіме басында Мемлекет басшылары бір-бірін, бауырлас халықтар мен елдеріміздің ардагерлерін Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен гүлдену тіледі.
Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Өзара сауда мен инвестиция көрсеткіштері тұрақты өсіп, парламент, үкімет пен өңірлер арасындағы байланыстар жандана түскені атап өтілді.
Сауда, өнеркәсіптік кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, инфрақұрылым және басқа да басым салалардағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты іс-қимыл жоспарларын қарастырды.