– Екінші рет өтіп жатқан апталық барша шығармашылар мен оқырмандардың, сала мамандарының көңілінен шығады, деп сенемін, – дейді Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев. —Бұл кітап мерекесі арқылы жастардың рухани-ағартушылық деңгейін жетілдіруде кітаптың рөлі мен маңызын күшейту, өзбек әдебиеті үлгілерін шет тілдеріне және әлем әдебиетінің озық үлгілерін өзбек тіліне аудару бойынша қол жеткізген жетістіктерін бұқараландыруды мақсат еткенбіз.
Шарада сөз сөйлегендер «Кітап оқу апталығының» маңыздылығын, оның жастардың руханиятын жетілдірудегі орны айрықша екенін айтты. Апталық аясында ұйымдастырылған іс жүзіндік семинарлар мен ашық диалогтардың кітапхана ісі, баспа ісі және балалар әдебиеті саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табуда маңызы зор екені айтылды.
Ақпарат үшін, апталық аясында елімізде жұмыс жүргізіп жатқан баспалардан шыққан жаңа отандық және шетелдік кітаптардың тұсаукесері, кітапсүйер қауымға арналған түрлі акциялар мен викториналар, шеберлік сабақтары, ақын-жазушылармен кездесулер, дөңгелек үстел сұхбаттары, сахналық қойылымдар, театр және кино актерлерінің, эстрада әншілерінің қойылымдары өтеді, деп хабарлайды Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің баспасөз қызметі.