The Guardian басымының ақпарат көздеріне сүйеніп хабарлауынша, осы шешім мұражайдан 88 миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдар ұрланғаннан кейін төрт ай өтіп, сондай-ақ билеттерге байланысты алаяқтық схемасын тергеуден кейін қабылданған.
Отставкаға кету туралы арыз Франция президенті Эммануэль Макронға тапсырылған. Макро де Кардің әрекетін «жауапкершілік актісі» деп атады.
19 қазан күні бетперде киген қылмыскерлер Луврға кіріп, империялық коллекцияға тиісті тоғыз экспонатты, оның ішінде Наполеон мен оның әйелі Жозефинаға тиесілі зергерлік бұйымдарды ұрлаған еді. Ұрлықтың нәтижесінде жеткізілген шығын 88 миллион еуроға бағаланған.