Лувр мұражайында алғаш рет Өзбекстанның бай мұрасына арналған көрме ашылады

    Мәдениет 27 Sentabr 2022 3309

    23 ноябрь күні Лувр мұражайында алғаш рет Өзбекстанның бай мұрасына арналған «Өзбекстан оазистерінің қазыналары. Керуен жолдарының торабында» атты көрмесі ашылады.

    Соңғы бірнеше жылда бұл бірегей жобаны Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Мәдениет және өнерді дамыту қорының ұжымы Лувр мұражайының кураторы Янник Линтц, ғылыми кураторы Рокко Рантелар жобаның ғылыми кеңесшісі Шокир Пидаевпен ынтымақтастықта тиянақты дайындық жасады.

    Көрмеде қазіргі Өзбекстанның оңтүстік өңірінен өткен Ұлы Жібек жолының тарихынан сыр шертіп, екі мың жылға жуық уақытты қамтитын 169 экспонат, оның ішінде Өзбекстан Республикасының 16 мұражайынан алынған 138 антиквариат, сондай-ақ 31 мұражайдан алынған заттар қойылған.

    Көрме Өзбекстан мен Франция арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастық тұрғысынан тарихи маңызға ие болып, халықаралық өнер сүйер қауымға аймақтың бай мәдениетін көрсетеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates