Мемлекет басшысы қаражаттың жұмсалуын бақылау мәселелері жөнінде жиын өткізді

    Билік 17 Oktabr 2022 6441

    Президент Шавкат Мирзияевтің қатысуымен 17 қазанда елді мекендердің инфрақұрылымына бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау мәселесіне арналған жиын өтті.

    Жақында 11 қазан күні елді мекендерде тұрғындарды қинаған мәселелерді шешу мақсатында бейне селекторлық жиын өткені белгілі. Она, халықты қуантқан, азаматтар игілігіне бағытталған көптеген жаңалықтар айтылды.

    Атап айтқанда, биылғы жылдың қалған екі айында 5284 махалла инфрақұрылымын жақсартуға 2 трлн 700 млрд сум бөлінбек. Ішкі жолдарды жөндеуге бөлінген қаржы көлемі 2,2 есеге ұлғайтылады. «Бастамалық бюджет» аясында 1500 махалладағы жобаларға 1 трлн 300 млрд сум бөлінеді. Келер жылы «Бастамалық бюджет» жобаларына 8 трлн сум бөлінеді.

    Жиында аталған қаражатты тиімді пайдалану және бақылау мәселелері талқыланды.

    – Келесі жылы біз «Обод махалла», «Обод Қишлоқ», жол құрылысы және басқа да мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру мен жүзеге асырудың жаңа жүйесіне көшеміз. Бұл бағдарламалар мен шығыстар тек халық дауыс берген жобаларға бағытталады. Ал прокурорлар бөлінген «әрбір сұмынның» өз орнында пайдаланылуын қадағалауы керек, деді Мемлекет басшысы

    Сондықтан жиында Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылаудың жаңа жүйесін енгізу, жымқыру мен құқық бұзушылықтың алдын алу, ашық жүйеге негізделген құрылыстарды жүзеге асыру бойынша ақпарат берді.

    Мемлекет басшысы құрылыс үдерістерін бақылауға халықтың қатысуын кеңейту, нысандарды қабылдау комиссияларының құрамына махалла төрағаларын қосуды тапсырды.

    Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап құны 10 млрд сумдан асатын құрылыс нысандарына шетелдік техникалық және бақылау мамандарын тарту, «Құрылыс ресурстарының классификаторы» платформасы негізінде мемлекеттік нысандардың жобалық құжаттарын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұл платформа құрылыс материалдарының бағасын бір принцип негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жобалар, мердігерлер мен құрылыстар туралы ақпаратты халыққа жеткізу міндеті жүктелді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates