Бұл тапсырма 16 желтоқсан күні өткен видеоселектор жиналысында берілген еді. Осыған сәйкес, 2025 жылы жалпы 5 миллион 200 мың адамды, соның ішінде банктер арқылы 3 миллионнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды.
Осы мақсатта 208 аудан және қала әкімдері мен банк басшылары халықты жұмысқа орналастыру және табысын арттыру бойынша ынтымақтастық келісіміне қол қойды, онда тараптардың нақты құқықтары мен міндеттері көрсетілді.
Әрбір махалла үшін мақсатты көрсеткіштер белгіленді. Халықты жұмысқа орналастыруға бағытталған «маҳалла жобасы» бағдарламасы аясында бөлінетін 1 миллиард доллар несие ресурстары банктер мен аймақтар арасында бөлінді. Жоба әзірлеу, несие беру және халықты жұмысқа орналастыру бойынша аудан банкі басшыларына ай сайын тиімділік көрсеткіштері қойылды.
Енді Орталық банк төрағасы мен оның орынбасарлары аймақтарға шығып, жергілікті банктердің жұмыстарын жаңа тәсілмен ұйымдастырады. 2025 жылдың 1 ақпанына дейін аудан банктерінің филиалдарында махаллаға бағытталған бөлімдер құрылып, оларға «махалла банкирлері» тағайындалады. Сондай-ақ, әр ауылда олармен бірге жұмыс істейтін «көмекші-агенттер» таңдалып алынады.
Аймақтық банктер мен аудан әкімдері халыққа дайын бизнес жобаларымен таныстырып, оларды іске асыру дағдыларын үйретеді.
«online-mahalla.uz», «bank-kredit.uz» және «soliq.uz» ақпараттық жүйелері біріктіріліп, жауапты тұлғалардың міндеттерінің орындалуы күн сайын талданып отырады. Қанағаттанарлықсыз жұмыс істейтін басшыларға шара қолданылатын болады.
2025 жыл халықты жұмысқа орналастыру және кедейлікті азайтуда шешуші жыл болмақ, сондықтан жергілікті әкімшіліктер мен экономикалық-қаржылық құрылымдардың үйлесімді жұмысын жандандыру қажет екендігі атап өтілді.