24 тамызда Мемлекет басшысы Имам Бұхари кесенесін зиярат етті. Құран оқылып, дұға бағышталды.

Бұл мекен мұсылман әлеміндегі ұлы тұлғаның жоғары құрметіне лайықты түрде қайта салынуда. Кесенеде, зәулім мешіт, мұнаралар, подъездер салынуда.

Мемлекет басшысы мұндағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

– Біз бұл жобаны көп талқыладық, қайта-қайта келіп көрдік. Қазір құрылыста да асықпау қажет. Мұнда қажылық тұрғысынан да, ғибадат тұрғысынан да барлық жағдай болуы керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Мемлекет басшысы кешен жанынан Имам Бұхаридің өмірін бейнелейтін электронды мұражай құруды ұсынды.

– Жақында Мадина қаласында болғанымызда Мұхаммед пайғамбардың өмір жолы мен Ислам өркениетінің мұражайын көрдік. Осы жерде де осындай мұражай құрсақ жақсы болар еді. Онда Имам Бұхари атамыздың өмірі, білім жолы, сол заманның тарихы ақпараттық технологиялар арқылы көрсетіледі. Бұлар жастар мен шетелдік туристердің ойында қалады. Мұражай халқымыз үшін тағы бір рухани қазына болмақ, – деді Мемлекет басшысы.

Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігі мен Құрылыс министрлігіне осы мәселе бойынша жоба дайындау тапсырылды.

Шавкат Мирзиев Хазірет Хизр кешеніне барып, Тұңғыш Президент Ислам Каримовтың кесенесін зиярат етті.