Президент Ташкент қаласындағы мектептің жағдайымен танысты

    Билік 3 Aprel 2024 2936

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласы «Юнусабад» ауданындағы 5-ші жалпы білім беретін мектепте болды. «Өзбекстан – 2030» стратегиясында білім беру жүйесін реформалау бірінші міндет ретінде белгіленген. Осыған байланысты маңызды мәселелердің бірі – оқушы орындарды көбейту.

    Мемлекет басшысы жаңа мекемелердің құрылысымен қатар бұрыннан бар мектептердің өзіне қосымша қабат немесе жанынан ғимарат салу мақсатқа сай екенін айтты.

    Бұл 5-ші мектеп бұрын 960 орындық болатын. Бірақ оқушылар саны 2 мыңнан асатын еді. Сондықтан өткен жылы қайта жаңғыртылып, қосымша ғимараттар салынды. Нәтижесінде 1 мың 700 қосымша орын пайда болды.

    Мектепте 65 оқу кабинеті, 12 шет тілі және 5 информатика кабинетінде заманауи жағдай жасалған. Оқушыларды нақты ғылымдарға, техника мен технологияларға қызықтыратын STEM-зертхана мен гимназия қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, коворкинг және демалыс аймағы ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында 5800-ден астам ғылыми және көркем әдебиеттер бар.

    Бүгінде мектепте 2600-ге жуық оқушы білім алуда. Өткен жылы 165 түлектің 163-і жоғары оқу орнына түсті.

    Өзбекстанда ұл-қыздарды жастайынан кәсіпке баулуға үлкен мән берілуде. 5-ші мектепте де жоғары сынып оқушылары тігіншілік, аспаздық, ағаш пен металл өңдеу дағдыларын меңгеруде.

    Президент бұл үйірмелердегі жағдаймен танысты.

    Ташкент қалалық басқарма мүшелерімен болған әңгімеде ұстаздардың еңбегі мен құрметі сөз болды.

    – Педагогикаға көңіл бөлу нашар кездер болды. Енді осы мақтанышты кәсіптің абыройын қайтаруға, оларды қаржылай ынталандыруға күш салып жатырмыз. Жаңа Ташкент қаласының құрылысын Педагогикалық университет ғимаратының іргетасын қалаудан бастағымыз келеді. Өйткені жаңа Өзбекстанның бірінші мекені – мұғалімдер. Сондықтан олар әрқашан өз үстінде жұмыс істеп, білімі мен біліктілігін шыңдауы керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Мектептің жаңа мүмкіндіктерін толық пайдалану, білім сапасын Президент мектептеріне жақындататындай етіп көтеру жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates