Жаз мезгілі оқу орындары үшін демалыс маусымы. Жыл бойы салада еңбек еткен ұстаздар мен тәрбиешілер бұл кезеңде демалуға мүмкіндік алады.
Осыны ескерген Денсаулық сақтау министрлігі жаңа бастаманы көтеріп отыр. Осыәан орай, ағымдағы жылдың 1 июлінен 1 август аралығында елімізде «Оқытушылар мен тәрбиешілердің денсаулық айлығы» акциясы өтеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы кезеңде еліміздегі білім беру саласының қызметкерлері – мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері профилактикалық және тереңдетілген медициналық тексеруден және скринингтен өтеді.
Айта кету керек, қазіргі таңда 10 118 жалпы орта білім беретін мектепте 6,3 миллионға жуық оқушыға 510 мың мұғалім білім береді.
Сондай-ақ 29 420 мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беретін ұйымдар бар, оларда 2,1 миллион бала тәрбиеленеді.
Акция барысында медициналық тексеру нәтижелеріне орай, анықталған аурулар бойынша мемлекеттік көмек көрсету арқылы олардың денсаулығын тіктеу мен жақсарту шаралары жүргізіледі.
Ол үшін бірінші білім беру саласының қызметкерлері арасында медициналық қызметке мұқтаж контингенттер тізімі қалыптастырылып, олардың жасына, жынысына және денсаулық жағдайына қарай, тиісті топтарға бөлінеді.
Осыдан кейін олар арнайы медициналық бригадалардың профилактикалық және тереңдетілген тексерулерінен өтеді.
Медициналық тексерудің соңында:
өмірінде алғаш рет созылмалы аурумен ауыратындар диспансерлік бақылауға алынады және жеке сауықтырылады;
өткір және созылмалы аурулары бар науқастардың бір тобы бастапқы буындағы күндізгі емханаларда амбулаторлық жағдайда, стационарлық көмекке мұқтаж бөлігі аудандық, қалалық және облыстық көлемдегі медициналық мекемелерде емделеді;
жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмекті қажет ететін науқастарға облыстық және республикалық мекемелерге жеңілдетілген жолдамалар беріледі.
Өз кезегінде, шалғай және алыс шекара аумақаныда жылжымалы медициналық бригадалар тексерулер жұмыстарын жүргізеді.