Мектептерде шет тілін дамыту және кәсіптік білім беру жүйесі жөнінде жиын өтті

    Билік 20 Yanvar 2023 8397

    20 қаңтар күні мектептерде шет тілдерін оқыту және кәсіптік оқыту жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті.

    Президент Шавкат Мирзияев халыққа Жолдауында «әлеуметтік мемлекет» қағидасына ерекше мән берген еді. «Әлеуметтік мемлекет, ең алдымен, адами әлеуетті іске асырудың тең мүмкіндіктерін, адамдардың лайықты өмір сүруіне қажетті жағдай жасауды, кедейшілікті азайту дегенді білдіреді».

    Бұған жетудің негізі – ең алдымен білім. Сондықтан Жолдауда мектеп оқушыларын кемінде екі шет тілін және бір кәсіпке үйрету басым міндет ретінде айқындалған еді.

    Кейінгі жылдары білімге, ұстаздарға көңіл бөлініп, жоғары оқу орындарына қабылдау мен бағыттар көбейді. Дегенмен, мектептердің сапасы әлі де қажетті деңгейге жеткен жоқ. Мысалы, мектепте 11 жыл оқыған бала шет тілін мүлтіксіз білмейді. Жағдай мен мамандардың жоқтығынан жастарды кәсіпке баулу атмосферасы қалыптаспаған. Мектеп бітірушілердің 50 пайызы еңбек нарығына ешқандай мамандықсыз келуде.

    Сондықтан кездесуде шет тілдерін оқыту сапасын арттыру және студенттерді мамандыққа бағыттау мәселелері талқыланды.

    – Мектептен кәсіп, тіл үйренген бала – біздің қоғамның үлкен жетістігі, білмей жүргені – мәселе, – деді Шавкат Мирзияев.

    Бұл тәжірибені жүзеге асыру үшін әр облыстан бір қала мен екі аудан таңдалған. Олардағы 2000-нан астам мектептің жағдайы, педагогтардың біліктілігі, оқушылардың мамандыққа және шет тілдеріне деген қызығушылықтары зерделенген.

    Енді аудан мен махалланың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оқушылар мектептің өзінде 64 түрлі мамандық бойынша білім алады деп жоспарлануда.

    Осыған орай әкімдерге осы таңдалған мектептерде кәсіптік шеберханаларды ұйымдастыру, оларды жабдықтау және қажетті материалдармен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Бұған жастар көшбасшылары мен кәсіпкерлер де тартылып, «Жастар қорынан» қаражат бағытталады.

    – Қазір кәсіпкерлер, тауар өндірушілерді осы мәселе қинауда: бос орындар көп, жалақы да жақсы, бірақ білімі мен біліктілігі бар жұмысшылар жоқ. Бұл жүйе дұрыс ұйымдастырылса, демографиялық өсімімізбен үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады, – деді Мемлекет басшысы.

    Сондай-ақ оқушыларды ақпараттық технологиялар мен «креативті индустрияда» заманауи мамандықтарға даярлаудың маңыздылығы айтылды.

    Шет тілдерін сапалы оқыту үшін мектептерге «тіл иесі» болған педагогтарды тарту, Президенттік мектептердің тіл үйрету тәжірибесін, оқулықтары мен бағдарламаларын енгізу бойынша тапсырмалар берілді.

    Жиында облыс әкімдері таңдалған мектептер мысалында шет тілдерін дамыту және кәсіптік оқыту жоспарлары туралы ақпарат берді.

    Сондай-ақ, Президент желі және өңір басшыларына қысқы маусымда халықты энергия ресурстарымен тұрақты қамтамасыз етуге қатысты жауапкершілік пен бақылауды күшейту керектігін айтты. Кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға түйткілді мәселелерді шешуге көмектесу, қажетті жағдайларда қаржы ресурстарын бөлу, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және базарлардағы ұсынысты арттыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates