Мал шаруашылығы қожалықтарына субсидия бөлінеді

    Агросектор 30 Yanvar 2024 561

    2024 жылғы 26 январьда қабылданған 52-санды Үкімет қаулысымен «Мал шаруашылық қожалықтарына шетелдерден әкелінетін асыл тұқымды ірі қара мал, қой және ешкі өсіру үшін субсидиялар бөлу тәртібі туралы» ереже бекітілді.

    Ережеге сәйкес, мал шаруашылық қожалықтарына 2025 жылдың 31 декабріне дейін шет елдерден импортталған асыл тұқымды ірі қараның әр басына 2 миллион сум, асыл тұқымды қой мен ешкінің әр басына 400 мың сум мөлшерінде субсидия бөлінеді.

    Субсидия алушы шет мемлекеттен асыл тұқымды қара мал әкелгеннен кейін аудандық комиссияға субсидия алу үшін «Агросубсидия» АТ арқылы өтініш жасайды.

    Өтінішке мына құжаттарды қосып береді:

    - шет мемлекеттерден импортталған асыл тұқымды ірі қара малдың, қой-және ешкінің келіп шығуын растайтын құжаттың көшірмесі;

    - шет мемлекеттерден импорт жасалған асыл тұқымды ірі қара, қой-ешкілерді сатып алу бойынша жасалған алды-сатты келісімшарты және төлем тапсырмасының көшірмесі;

    - кедендік жүк декларациясының көшірмесі;

    - шет мемлекеттерден импортталған асыл тұқымды ірі қара мал, қой-ешкіні электронды идентификация базасына енгізілгендігі.

    Субсидия алушының өтінішін қарап шығу үшін төлемдер өндірілмейді.

    Субсидия қаржысы субсидия алушының коммерциялық банктегі негізгі шотына аударып беріледі, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.