Резиденция алдындағы алаңда құрметті қарауыл сап түзеді.
Мемлекет басшысы жоғары мәртебелі мейманды жылы қарсы алып, мінберге шақырды.
Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Басшылар құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегациялар мүшелерін құттықтады.
Бірге суретке түскеннен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.