Еліміздің заңдылығында 1 июньнен бастап не өзгереді

    2024 жылдың 1 июнінен бастап күшіне енетін ұлттық заңдылықтағы негізгі өзгерістер неден құралған?

    «Экологиялық көлік» жүйесі іске қосылады

    - Жүйе аясында:

    - аймақтар олардағы атмосфералық ауаға байланысты нақты экологиялық жағдайларға қарай «таза», «орташа» және «зиянды» экологиялық аймақтарға бөлінеді;

    - көлік құралдарына олардың диагностикасына «жасыл», «сары» және «қызыл» стикерлер беріледі;

    - экологиялық категориясы бар аймақтың экологиялық аймағына сәйкес келмейтін көлік құралдарына қатысты экологиялық өтемақы төлемдері енгізіледі, олардан тиісті экологиялық аймақтарда жүруге шектеу қойылады немесе тыйым салынады;

    - 2024 жылдың 1 июнінен бастап республиканың барлық өңірлерінде көлік құралдарының нормативтеріне лайықтылық дәрежесін анықтау және оның нәтижелері бойынша экологиялық стикерлер беру осы қызметтер үшін ерекше төлем өндірілмей көлік құралдарын МЖҚҚҚ бөлімдерінде тіркеуге алу үдерісінде сатылай жүзеге асырылады.

    Жас кәсіпкерлерді қолдап-қуаттау шаралары

    БЕМ 1000 есеге дейінгі мөлшердегі жеңілдетілген несиелер бөлуді қарастыратын «Жас кәсіпкер» байқаулары өткізіледі.

    Еңбек мигранттарына өтемақы төленеді

    - шет тілдер және (немесе) кәсіп бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруға байланысты, олар сәтті тапсырғанда және сертификат алған жағдайда – БЕМ-нің 3 есеге дейін мөлшерде;

    - шетелде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін «жұмыс визасын» ресімдеуге байланысты – БЕМ-нің 5 есеге дейінгі мөлшерде;

    - жол билетін сатып алуға байланысты қаражаттар үшін - БЕМ 2 есеге дейін мөлшерде.

    Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсетіледі

    «Инсон» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары зорлық-зомбылықтан зардап шеккен немесе жәбірлену қауіпі төнген әйелдерге қорғау ордерін талап етпей-ақ әлеуметтік және заңды қызмет көрсету тәртібін енгізіледі.

    Әйелдерге күш көрсету мен зорлық-зомбылық фактілерін ішкі істер органдарының кезекші бөлімінің «102» телефондарына түскен өтініштер негізінде ішкі істер органдарының қызметкерлері тіркейді.

    Халықты кедейшілікті жою үшін жеңілдетілген ипотека

    «Махалла жетілігі» ұсынысы негізінде Кедейшілікті жою бағдарламасына енгізілген және тұрған үй жағдайын жақсартуға мұқтаж болған тұлғаларға Экономика және Қаржы министрлігінің қаражаты есебінен ипотекалық несиелер берілетін болады. Мұнда:

    - ипотека несиелері 120 миллион сумға дейiнгi мөлшерде, 20 жылға дейiнгi мерзiмге, Орталық банктiң негiзгi мөлшерлемесiнен төрт пайыздық тармаққа жоғары мөлшерлемемен жеке тәртіптегі тұрғын үйді құру, реконструкциялау және жөндеу мақсаттары үшін бөлінеді;

    - ипотекалық несие бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға - бөлінген несиенің 15% мөлшерінде және пайыздық төлемдердің бір бөлігін жабуға – несие мерзімінің бірінші бес жыл ішінде 12%-дан асатын бөлігіне субсидия төленеді.

    Қоқыстан қарыз болсаңыз, электр энергиясы үшін төлем қабылданбайды

    Ташкент және Нөкіс қалаларында, сондай-ақ облыс орталықтарында қоқыс қызметтері бойынша қарызды төлемейінше абоненттердің электр энергиясы үшін төлемдер қабылданбайды уақытша шектеу енгізіледі (электр энергиясын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесіне қосылмаған аудандарды қоспағанда). Шектеу қоқыстар бойынша 6 айлық қарызы болған кезде қолданылады.

    Барлық аумақтар брутто- келісімшарттарына өткізіледі

    Нөкіс және басқа облыстардың орталықтарында тұрақты қала автобус бағытында шектелген тарифтер бойынша тасымалдау брутто-келісімшарт негізінде ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесі іске қосылады. Бұрын бұл жүйе:

    2023 жылғы 15 апрелінен бастап - Ташкент қаласында;

    2024 жылдың 1 январынан бастап – Әндіжан, Самарқант, Наманган, Қаршы және Үргеніш қалаларына енгізілген.

    Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өзгереді

    Мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының жоғары бiлiмді педагог қызметкерлерiнiң базалық тарифтiк ставкалары мектептердiң тиiстi педагог қызметкерлерiнiң базалық тарифтiк ставкаларының қолданыстағы мөлшерлеріне тең болады.

    Жаңа үйлерге сейсмикалық талаптар қойылады

    8 және одан жоғары балдық сейсмикалық белсенді аймақтарда құрылуы жоспарланған 5 қабатттан биік медициналық нысандары және 9 қабаттан биік ғимараттарды белсенді сейсмикалық қорғау құрылғылары, сонымен қатар сейсмоизоляция және демпфер қондырғылары бойынша жобаланады.

    Жаңа құрылыс жоспарланып отырған қауіпті факторы III-IV санатта болған нысандардағы газ бен электр желілерді күшті зилзала кезінде автоматты түрде блоктау жүйесімен жобаландырылады.

    Мемлекеттік балабақшаларда төлемақы көтерілді

    Мемлекеттік балабақшадағы төлемінің мөлшері орналасқан жеріне, болу уақытына және бір отбасынан баратын балалардың санына байланысты орта есеппен 18,7-21 пайызға артады.

    Шетелдік компаниялар үшін құқықтық режім

    Цифрлы технологиялар халықаралық орталықта 5 жылға дейін болған мерзімге шетел компаниялары үшін арнайы құқықтық режім эксперимент ретінде енгізіледі.

    «Ишга Мархамат» және кәсіп-өнерге оқыту орталықтарының оқытушыларына жеңілдіктер

    «Ишга Мархамат» моноорталықтары мен кәсіп-өнерге оқыту орталықтарының оқытушылары мен инженер-шеберлері мәртебесі бойынша кәсіптік оқу орындарының педагогтарымен теңестіріліп, оларға аталған қызметкерлерге заңдылықта белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау кепілдіктері беріледі, деп хабарлайды Norma.uz порталы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates