Елімізде 16 лицензия мен рұқсатнаманың күші жойылады

    Қаржы 10 Yanvar 2024 1790

    2024 жылдың 1 мартынан бастап елімізде 16 лицензия мен рұқсатнаманың күші жойылады.

    Әділет министрлігінің заңдылықтағы талаптар, сондай-ақ лицензя мен рұқсат беру жүйесін реттеу салуды бағалаудан өткізу арқылы жасалған «Кәсiпкерлiк саласындағы мiндеттi талаптарды қысқарту және лицензиялау және рұқсат беру тәртіп-қағидаттарын жеңілдету іс-шаралары туралы» Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.

    Осы Жарлыққа сәйкес 2024 жылдың 1 мартынан бастап 16 лицензия мен рұқсатнаманың күші жойылады, сонымен қатар:

    – 7 түрдегі рұқсат беру құжаты толығымен жойылады;

    мысалы, кедендік тасымалдаушылары реестрге кіруде жүктерді тасу үшін рұқсатнама талап етілмейді;

    – 6 түрдегі рұқсат беретін құжат біріктіру жолымен жойылады;

    атап айтқанда, экспорттық бақылау нысандарын алып шығу үшін рұқсатнама және арнайы тауарлардың экспорты мен импортына лицензия біріктірілуде;

    – 3 лицензия мен рұқсатнама хабарнама тәртібіне өткізіледі;

    мысалы, енді турагенттік қызметімен лицензиясыз айналысуға мүмкін болады.

    Сондай-ақ, лицензия немесе рұқсатнама алуға үміткерлерді бейне байланыс көмегінде қашықтан бағалауға рұқсат етілуде.

    Шығу туризмін жүзеге асыруда 15 мың доллар мөлшеріндегі қаржыны Қауіпсіз туризм қорына қор ретінде қою жойылады, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар, заңды тұлғаларға тиесілі көліктерді техникалық байқаудан өткізу орындарын еркін түрде таңдауға болады (осы уақытқа дейін техникалық байқаудан өткізу ішкі істер органдары тарапынан белгіленген орындарда жүргізілетін).

    Осы Жарлықтың қабылдануы нәтижесінде кәсіпкерлердің 350 миллиард сумға жуық шығыны үнемделеді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates