Елімізде балалар құқығын қорғау одан әрі күшейтілуде

    Сенаттың 55-жалпы мәжілісінде «Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық құжаттарына балалардың құқықтарын қорғауды одан әрі күшейтуге бағытталған толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң қаралды.

    Талқылау барысында атап өтілгендей, соңғы жылдары кәмелетке толмаған балаларды заңсыз діни білім алуға ата-аналардың өздері апару жағдайлары жиілеп барады.

    Құқық қорғау органдары жүргізген үйренулер нәтижелері бойынша 2021-2023 жылдары заңсыз діни ілімдерді оқытуға байланысты 2457 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың 1479-ы «хужра» жағдайында ұйымдастырылса, онда білім алғандардың 60 пайызы кәмелетке толмағандар.

    Баланың заңға сәйкессіз діни қызметпен айналысатын ешқандай тіркеуден өтпеген, бейресми орталықтардан және жеке тұлғалардан діни білім алу нәтижесінде олардың діни экстремистік идеяларының құрбанына айналып қалмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Соңғы 3 жылда діни экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыстар үшін жауапқа тартылған кәмелетке толмағандардың саны 4 есеге артқан.

    Сонымен қатар, мұндай заңсыз білім беру барысында балаларға қатысты түрлі ауыр қылмыстар жасалуы байқалуда. Баланың еркін жүріп-тұруын шектеу, оны санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін ғимараттар мен бөлмелерде сақтау, оған физикалық ауыртпалық немесе психикалық қысым көрсету, тіпті жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болу жағдайларын бұған мысал ретінде келтіру мүмкін.

    Еліміздегі діни білім беру мәселесі қолданыстағы заңнамада анық белгіленген. Атап айтқанда, «Ар-ождан еркіндігі және діни ұйымдар туралы» Заңда және мен бұған дейінгі заңдарда діни кәсіптік білім берудің құқықтық негіздері қатаң белгіленген. Жеке тәртіпте діни білім берумен шұғылдану заңға қайшы саналады.

    Талқыланып отырған заң жоғарыда келтірілген келеңсіз жағдайлардың алдын алу, ата-аналардың және олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың балаларды оқыту, білім және тәрбие беруге байланысты өз міндеттерін орындаудағы жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ балалардың білім алу құқығы кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында әзірленгені ерекше атап өтілді.

    Аталған Заңмен «Балалар құқықтарының кепілдіктері туралы» Заңға және Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік кодексіне ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың заңға сәйкессіз түрде балаларды діни білім алуға жұмылдыруын болдырмау, сонымен қатар заң талабына мойынсұнбағаны үшін жауапкершілікті көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

    Сонымен қатар, Заңда ата-аналардың немесе олардың орнын алмастыратын адамдардың өз балаларын жеке наным-сеніміне сәйкес діни және ақылақтық тұрғыдан тәрбиелеу құқығы анық көрсетілген. Бұл норма Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабында белгіленген ережелер негізінде енгізілуде.

    Заңда бұл үдерістерде ата-аналардың міндеті мен жауапкершілігін одан әрі күшейтілген. Өйткені жас бала өзі заңсыз “хужраға” барып қалмайды және бұл тұрғыдан заңмен реттелген, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates