12-22 октябрь аралығында ЮНЕСКО -ның Өзбекстандағы өкілдігі ұйымдастыратын шараларға еліміздің түкпір-түкпірінен 60 -тан астам қолөнерші мен дизайнер қатысады.
ЮНЕСКО мен Еуропалық Одақтың «Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы және Ирандағы Жібек жолы мұрасы - Еуропалық мәдени мұра жылының халықаралық аспектілері» біріккен жобасы аясында ұйымдастырылған бұл тренингтер Республикалық қолөнершілер қауымдастығы және Марғиландағы қолөнер орталығымен бірлесіп өткізіледі.
10 күн ішінде қатысушылар дәстүрлі қолөнер бұйымдары, қолмен тоқылған кілемдер, ұлттық маталарды бояу, теориялық сабақтармен қатар дәстүрлі қолөнер бұйымдарын сақтау мен қалпына келтіру, заманауи киімдерді көрсетудегі дәстүрлі қолданбалы өнердің рөлін күшейту, тиімді басқару және қолөнердегі маркетинг, өнімді жарнамалауда интернет пен әлеуметтік желіні пайдалану бойынша практикалық жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды Ферғана облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі.