Хабарлануынша, кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуі инфляцияның төмендеу қарқынын баяулатқан. Атап айтқанда, ақпан айында жылдық жалпы инфляция 7,3 пайызды құраса, базалық инфляция 6,3 пайызға жеткен.

Инфляциялық күтулер халық арасында 11,2 пайыз, кәсіпкерлер арасында 10,8 пайыз деңгейінде қалыптасқан.

Сонымен қатар, экономикалық белсенділік жоғары деңгейде сақталуда. Атап айтқанда, қаңтар айында бөлшек сауда 14,7 пайызға, көтерме сауда 15,6 пайызға, қоғамдық тамақтану қызметтері 18,9 пайызға, өнеркәсіп 7,8 пайызға, қызметтер 14,8 пайызға және құрылыс 9,2 пайызға өскен.

Орталық банк геосаяси шиеленістердің күшеюі жаһандық жеткізу тізбектерінде үзілістерге, энергия және азық-түлік бағаларының, сондай-ақ логистика шығындарының өсуіне әкелуі мүмкін екенін, бұл импорттық инфляцияны күшейтуі ықтимал екенін атап өтті.

Айтылғандай, ақша-несие саясаты инфляцияны орта мерзімде 5 пайызға дейін төмендетуге, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың сатып алу қабілетін сақтауға бағытталған.

Орталық банк басқармасының негізгі ставка бойынша келесі жиналысы 2026 жылғы 29 сәуір күніне белгіленген.