Орталық банк әлеуметтік желілердегі жалған арналар мен веб-парақшалардан сақтандырды

    Қаржы 27 Dekabr 2022 1805

    Банктердің, төлем ұйымдарының және басқа да ұйымдардың ресми сайты болып көрінетін жалған веб-парақшалардың және олардың атымен ашылған түрлі жалған арналардың саны артып келеді.

    Бүгінде олар арқылы жаңа жыл мерекесіне орай акциялар, қымбат сыйлықтар, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар, төмен пайыздық несиелер, қомақты ақша ұтыстары туралы жарнамалар көбеюде.

    Оларды ресми көздерден тексермей, алаяқтардың алауына сеніп жалған веб-сайт пен арналарға жеке мәліметерді енгізу нәтижесінде кейбір пайдаланушылар өздерінің пластикалық карталарымен байланысты, сондай-ақ банктердегі немесе төлем ұйымдарындағы мобильді қосымшалардағы акаунттары туралы мәліметтерді, құпия сақталуы тиіс болған бір реттік бекітілген кодтарды жариялауда, дейді Орталық банк хабарламасында.

    Алаяқтар жоғарыда аталған ақпаратты алған соң, олар оны мобильді қосымшаларды рұқсатсыз басқару құқығына ие болуы мүмкін.

    Осындай күтпеген жағдайлардың алдын алу мақсатында Орталық банк ескертеді:

    ▪️жарнамалардағы кез келген акциялар, ақшалай сыйлықтарды және басқа ұсыныстарды ұйымдардың ресми веб-сайытынан қайта тексеріңіз;

    ▪️ веб-сайттың ресми екеніне көз жеткізбей жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз;

    ▪️әлеуметтік желілер мен мессенжерлер арқылы түрлі арналар мен топтарда таратып жатқан акциялар мен ұтыс ойындары туралы жарнамаларды айтылған жағдайларды тексермей ашпаңыз;

    ▪️Өзіңіз ресми екеніне сенімді емес веб-парақшаларды басқаларға таратпаңыз.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates