Орталық банкке «Huawei Tech Investment Tashkent» компаниясының өкілдері келді

    Қаржы 15 Mart 2024 1037

    Орталық банкте «Huawei Tech Investment Tashkent» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

    Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін арттыру мен дамыту болашақтары талқыланды.

    Онда бүгінгі таңда цифрлық технологиялар қарқынды дамып, заманауи технологиялық шешімдер өзекті маңызға ие болып отырғандығы, бұл өз кезегінде, цифрлық даму стратегияларын әзірлеу қажеттілігін туғызатыны атап өтілді.

    Сұхбат кезінде компанияның цифрлық инфрақұрылымды және АКТ-ны дамытудағы тәжірибесі, сондай-ақ осыған байланысты қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат берілді.

    Кездесу соңында компания өкілдері еліміздің банк жүйесі қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға өз үлесін қосуға дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Орталық банктің баспасөз қызметі.

    Мәлімет ретінде: 1987 жылы негізі қаланған Huawei компаниясы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым мен смарт құрылғыларды жеткізуде әлемдік көшбасшы болып табылады. 170-тен астам елдер мен аймақтарда жұмыс істейтін компанияда шамамен 195 мың жуық қызметкері бар және дүние жүзінде үш миллиардтан астам адамға қызмет көрсетеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates