«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушылар салтанатты түрде қарсы алынды

    Билік 18 May 2023 5217

    Сиань қаласындағы Тан әулеті саябағында бірінші «Орталық Азия-Қытай» саммитіне қатысушы елдердің басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен оның жұбайын Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мен оның жұбайы салтанатты түрде қарсы алды.

    Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров және оның жұбайы, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты. Бірге суретке түсті.

    Жоғары мәртебелі қонақтарға сарай алдындағы алаңда Қытайдың бай тарихы мен мәдениетін көрсететін тамаша сахналанған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынылды.

    Саммиттің негізгі шаралары ертең, 19 мамырда өтеді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates