Математика пәні бойынша халықаралық олимпиада өтеді

    Білім 13 Oktabr 2023 2013

    Жоғарғы білім, ғылым және инновациялар министрлігі мен Ғылым академиясы үстіміздегі жылдың 23-29 октябрь күндері Нөкіс қаласында математикадан Мухаммад әл-Хоразми атындағы халықаралық олимпиада өткізеді.

    2018 жылғы 26 августа Министрлер Кабинеті аталған халықаралық олимпиаданы өткізу туралы қаулы қабылдағанын естеріңізге саламыз. Оған сәйкес, Мұхаммед әл-Хоразми атындағы математикадан халықаралық олимпиада жоғары оқу орындарының студенттері арасында екі жылда бір рет ұйымдастырылады.

    Бұл халықаралық олимпиаданы ұйымдастырудағы басты мақсат – ұлы ғалымдардың әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына қосқан зор үлесін халықаралық деңгейде насихаттау, сонымен қатар дарынды оқушыларға қолдау көрсету, оларды іргелі және нақты ғылымдарға кеңінен тарту, ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.

    Қазылар алқасының құрамына математика саласындағы белгілі халықаралық сарапшылар, ТМД елдерінен келген профессор-оқытушылар және еліміздің тәжірибелі профессорлары мен ғалымдары, білікті практик оқытушылар кіреді, деп хабарлады Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

    Олимпиада жеңімпаздарына (Өзбекстан азаматтары) квотадан тыс мемлекеттік грант негізінде математика, физика және ақпараттық технологиялар салаларында магистратураға түсу құқығы беріледі.

    Бұл құқық бакалавр басқышын бітіргеннен кейін 3 жыл бойы сақталады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates