Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласы тұрғындарының тұрмыс жағдайымен танысты

    Билік 7 Iyun 2024 2157

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласындағы «Яшнабад» ауданына қарасты «Дилбоғ» махалласына барып, тұрғындардың тұрмыс жағдайымен танысты.

    Махаллада 5200-ден астам адам өмір сүреді. Мұндағы 26 көпқабатты үй, мектеп пен балабақшалар, сауда орталықтары көркейтілді.

    Өзбекстандағы әр махалла өзінің табыс көзіне айналған саласымен дамып келеді. Атаулы махалланың негізгі саласы кәсіпкерлік, қолөнермен айналысады. Мұнда 15 сауда және қызмет көрсету орындары, бір өндірістік кәсіпорын, оқу орындарында тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған.

    Өткен жылы халықты кәсіпкерлікке тарту мақсатында 13 жобаға несие берілді. 300-ге жуық азамат жаңа жұмыс орындарына орналастырылды. Жастарды оқытатын моноорталық ұйымдастырылды.

    Мемлекет басшысы махалладағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарын аралап көрді.

    Өзбекстан футбол қауымдастығына қарасты Ташкент қалалық футбол академиясы осы махаллада орналасқан. Заманауи кешенде жабық және ашық спорт алаңдары, теориялық оқу кабинеттері, жатақхана, асхана, кітапхана бар. Қазір мұнда 12 мен 18 жас аралығындағы 154 бала білім алуда. Жаттығуларға шетелдік мамандар да тартылған. Стадиондар жарықтандыру және бейне құрылғылармен жабдықталған.

    Президент академияның оқушылары және спорт саласы басшыларымен әңгімелесті.

    – Футболға қатысты қабылдаған қаулылар, дарынды балаларға көңіл бөлуіміздің арқасында өзбек футболы әлемдік аренаға шыға бастады. Еуропа құрамаларында легионерлеріміз көбейіп келеді. Жастарымыз Олимпиадаға жолдама алды. Мұндай жағдайдың жалғасы болуы үшін енді махаллаларда футболды дамыту қажет. Қосымша стадиондар салып, оның танымалдылығын арттыруға жан-жақтама қолдау көрсету керек, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Осы махалладағы су спорты сарайының жөндеу жұмыстары да қаралды. Оны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде тұрақты пайдалану жөнінде тапсырма берілді.


    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates