Маймыл шешегі: АҚШ-тағы эпидемиологиялық жағдай күрделі

    Денсаулық 9 Avgust 2022 2077

    Бүгінде Америка Құрама Штаттарындағы эпидемиологиялық жағдайды шешу күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналған. Бір жағынан, коронавирустың жаңа толқыны қарқынды жүріп жатыр. Күніне 100 мыңнан астам адамға COVID-19 нақтамасы қойылуда.

    Ал екінші жағынан, маймыл шешегі тез таралуда. Май айынан бері 48 штатта 7 мыңнан астам науқас тіркелген. Сондықтан АҚШ үкіметі бұл эпидемияны төтенше жағдай деп жариялады.

    Қазір ең үлкен қысым мамандандырылған емханаларға түсуде. Науқастардың саны күн санап артып келеді. Вакциналар мен арнайы сынақтар тапшы болуда.

    Рас, мемлекетте осы күнге дейін бұл дерттен көз жұмғандар болған жоқ. Бірақ кейбір науқастарда инфекция ауыр түрде өтеді. Денедегі бөртпелер қатты ауырсынуды тудыратындықтан, стационарлық емдеуге сұраныс артып келеді.

    Дертті антибиотиктер қабылдаумен ғана емдеп болмайды,— дейді Чикагодағы Howard Brown Health клиникасының дәрігері Ану Хазра. — Сондықтан ауруды емдеу ұзақ мерзімді талап етуде. Нәтижесінде науқастар бірнеше апта бойы ауырсынумен күресуге тура келеді.

    Маманның айтуынша, май айынан бері Чикагода ауру белгілерімен жүгінушілер саны артып келеді.

    Өз кезегінде, инфекцияның сипаты біршама өзгерді. Ол енді тек физиологиялық байланыс арқылы ғана емес, сүлгі, жайма сияқты жеке гигиена құралдары арқылы да жұғуы мүмкін.

    Сол себепті елімізде ауруға қарсы екпе науқаны жалғасуда. Сонымен қатар, Ұлыбритания мен Испанияда вакцинация үдерісіне үлкен көңіл бөлінуде.

    Маймыл шешегіне шалдыққандар саны 550-ге жақындағандықтан, Италия үкіметі де вакцинация арқылы инфекцияның таралуын бақылауға шешім қабылдады. Мұнда бастапқыда 200 адам екпе алады. Препараттың тағы 600 дозасы пайдалануға дайын, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.