Маймыл шешегінің вирусы аз уақыт ішінде әлемнің көп бөлігіне таралып үлгерді. Әсіресе Америка, Еуропа, Африка елдерінде бұл аурудан зардап шегіп жатқандар көп. Қазір бұл инфекцияның негізгі белгілері көпшілікке белгілі. Яғни, ауру бөртпе, дене қызуының көтерілуі, тез шаршағыштық, бас ауруы, тамақ пен бұлшықет ауруы, құсу, диарея сияқты белгілермен көрінеді. Бірақ біз әлі де вирус тудыруы мүмкін болған ауыр асқынулар туралы жеткілікті білмейміз. Дегенмен, бұл науқастардың өмірін ұзарту және олардың денсаулығын қалпына келтіру үшін өте маңызды.
Соның негізінде британдық ғалымдар арнайы зерттеу жүргізді. Оған осы дертке шалдыққан 1500-ден астам адам тартылған. Мета-талдау нәтижелері маймыл шешегінің науқастарда құрысу, есте сақтау қабілетінің жоғалуы және энцефалит сияқты типикалық ми асқынуларын тудыруы мүмкін екенін көрсетті. Зерттеу барысында қатысушылардың 2,7%-ы талма, 2,4%-ы есте сақтау қабілетінің нашарлауы және 2 пайызы энцефалитпен ауыратыны анықталды. Сондай-ақ пациенттердің жартысынан көбі депрессияға шағымданды.
Мамандардың айтуынша, маймылдың ауыр неврологиялық асқынуы сирек байқалғанымен, оның салдары дәрігерлерді қатты алаңдатып отыр. Сондықтан бұл бағытта қосымша зерттеулер жүргізу қажет, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.