Маймыл шешегі пандемиясы жойылуы мүмкін

    Денсаулық 10 Fevral 2023 2075

    Соңғы кездері ауруға шалдыққандар саны айтарлықтай азайды.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кезекті есебіне сәйкес, жер бетінде mpox (маймыл шешегі) эпидемиясы басталғаннан бері бұл ауруды жұқтырғандар саны 85 мыңнан асты. Олардың 92-сі сырқаттан көз жұмды.

    Атап айтқанда, соңғы төрт аптада ішінде маймыл шешегі тіркелген 30 ел есеп бергені туралы хабарлаған.

    Жалпы, эпидемия кезіндегі науқастардың жалпы санының 90 пайызы Оңтүстік және Солтүстік Америка континенттерінде тұратын халықтың өкілдері. Қалған жағдайлардың көпшілігі Еуропа елдерінде тіркелген.

    Дүние жүзіндегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ДДСҰ өткен жылы 23 июльде mpox вирусын пандемия деп жариялаған болатын. Бірақ соңғы уақытта ауру жағдайлары айтарлықтай азайды.

    Сондықтан ұйымның басшысы Тедрос Гебрейесус маймыл шешегі індетін жою мәселесін қарастыруды ұсынды.

    Еске сала кетейік, mpox вирусының белгілері негізінен дене қызуының көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және денедегі бөртпелермен көрінеді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates