Мыңбұлақ ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

    Ел назарында 16 Noyabr 2021 249

    Орталықта 190-нан астам түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетілуде.

    Халыққа қолайлы болу және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында Наманган облысында да «Жылжымалы» мемлекеттік қызметтері көрсетіле бастады.

    Атап айтсақ, 2020 жылдың 9 айында облыс бойынша 428 423 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2021 жылы бүгінгі күнмен салыстырғанда 558 586-ды (130%) құрап, өткен жылға қарағанда 130163-ке (30%) көбейген. Соның ішінде Мыңбұлақ ауданында тұратын 128,4 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетуде Орталықтың рөлі ұшан-теңіз.Бүгінде аудан орталығына 250-ден астам тұрғын және кәсіпкер субъектілерінен өтініштер түскен, олардың өтініштері белгілі тәртіпте қаралып, қолайлы, сапалы әрі жариялылық ретінде мемлекеттік қызмет көрсетілуде.

    – Халыққа қызмет көрсету орталықтары халыққа жасалған алғашқы батыл қадам болды, – дейді орталықтың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Наманган облысының әкімі Шавкатжон Абдураззақов. – Ол бюрократтық пен қағазбастылыққа алғашқылардың бірі болып ауыр соққы берді. Әр аудандарда осындай орталықтардың ашылуы бізге үлкен жеңілдік болғанын айта кеткен жөн.

    Осы орталықтың ғимаратына АХАТ бөлімдері орналастырылып, халыққа сапалы қызмет көрсетуіне барлық жағдай жасалған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates