Өзбекстанда медицина қызметкерлерінің жұмыс нәтижелілігін бағалау көрсеткіштерін әзірлеу және тиімділікке қол жеткізген қызметкерлерге үстемақы төлеу жоспарлануда. Бұл 2025 жылы мемлекеттік бағдарлама жобасында белгіленген.
Жобада медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қызметін мемлекеттік тіркеуден өткізу де қарастырылған. Оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін құжат жобасы әзірленетін болады.
Ағымдағы жылы дәрігердің қабылдауына кезекке тұруды толығымен электронды түрге көшіру, бастапқы стоматологиялық қызметті аутсорсинг негізінде жеке секторға көрсету жоспарланған.
2025 жылдың 1 ноябріне дейін медициналық сақтандыру механизмдері енгізіліп жатқан өңірлерде рецепт негізінде берілетін дәрі-дәрмектерді электронды рецепт жүйесі негізінде тағайындау тәжірибесі жолға қойылуы мүмкін.
Облыстық деңгейдегі мамандандырылған емдеу мекемелері менеджмент, қаржы және ұйымдастыру жағынан заманауи көпсалалы емханалар түрінде қайта құрылады.