Жоба аясында күніне 1,5 мың тонна қалдықты термиялық әдісте қайта өңдеп, 227,5 миллион кВт электр энергиясын өндіру міндеті белгіленген.
Қытай Халық Республикасының “China Everbright International Ltd” компаниясы тарапынан жүзеге асырып жатқан жобаның құны шамамен 150 миллион долларды құрайды.
Кәсіпорын жылына 547 мың тонна (күніне 1,5 мың тонна) тұрмыстық қалдықтарды экологиялық жағынан қауіпсіз термиялық әдіспен қайта өңдеп, 227,5 миллион киловатт электр энергиясын өндіреді.
Жобаның жүзеге асуы қалдықтардың полигондарындағы жиналуын айтарлықтай азайтады, экологиялық жағдайды жақсартады және энергетика саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ кәсіпорында 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып,жергілікті мамандар заманауи технологияларды пайдалана отырып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беріледі.
Салтанатты шарада нұранийлердің қатысуымен дұға бағышталып, жаңа кәсіпорынның ірге тасы қаланды.








