Миграция агенттігі құрылды

    «Миграция үдерістерін басқару жүйесін реформалау жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар туралы» Президенттің Жарлығы (ПФ-162-санды, 17.10.2024 ж.) қабылданды.

    Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

    Жарлыққа сәйкес, Сыртқы еңбек миграция агенттігінің қызметі тоқтатылып, Министрлер Кабинетінің құзырындағы Миграция агенттігі құрылды.

    Шетелде жұмыс істейтін адамдарды қолдап-қуаттау және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоры Агенттікке беріледі және оның негізінде Миграция агенттігі құрылады.

    Агенттік сыртқы еңбек миграция саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін үйлестіретін, осы салада мемлекеттік қызметтер көрсететін өкілетті республикалық атқарушы билік органы саналады.

    2025 жылғы 1 январьдан бастап:

    — Агенттікке жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін тексеруге байланысты бақылау шараларын өткізуге рұқсат етіледі;

    — Агенттік міндетіне өзі тарапынан өткізілетін кез келген тексерудің нәтижесі бойынша жасалған хаттамаларды, анықталған заң бұзушылық фактілерінің саны мен ерекшелігі туралы ақпаратты мәжбүрлі тәртіпте 5 күнде “Xorijda ish” электронды бағдарламаға орналастыру міндеті жүктеледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates